Жаңалықтар

Бүгін Орал медресе колледжінің 3-курс кураторы Табылдиев Есен ұстаз шәкірттерге тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ғылым-білімді үйренбекке ең әуелі керек – ықылас пен тәртіп». Іс-шара барысында білім алушыларға ғылым мен білімге деген жауапкершілік, тәртіптің маңыздылығы және ықыласпен ізденудің рухани-тәлімдік мәні кеңінен түсіндірілді. Тәрбие сағаты шәкірттердің танымдық көзқарасын қалыптастыруға және оқу үдерісіне деген ынтасын арттыруға бағытталды.

Орал медресе-колледжінде Орал медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлының төрағалығымен оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған жиналыс өтті.Жиналысқа
медресе ұстаздары, кураторлар мен тәрбиешілер қатысты.
Жиналыс барысында оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары талқыланып, білім беру сапасын арттыру, шәкірттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар,
Талғат Мұратұлы
ҚМДБ төрағасы,бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бағдарлық баяндамасын жеткізіп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар мен жүктелетін міндеттер жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға қатысты ортақ тұжырымдар жасалды.

Ұстаздар күніне орай білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға зор құрмет көрсетілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі атынан алғыс хаттар табысталып, қаржылай сыйақы берілді.
Аталған марапаттарды Батыс Қазақстан облысының Бас имамы өзі арнайы келіп табыс етті.

«Медресеміздің 2-ші курс шәкірттерінен бір жыл көлемінде алған білімдерін тексеру мақсатында бақылау емтиханы ұйымдастырылады.»

БҚО облысының, Пәтуа бөлімінің жауапты маманы Амреев Ораз медресе шәкірттерімен кездесті.

🔸 Пәтуа бөлімінің жұмысын таныстырды
🔸 Соңғы шыққан пәтуалармен шәкірттерді таныстырды

🤲 Бұл кездесу шәкірттердің рухани білімін арттырып, олардың түсінігін кеңейтті.

Орал медресе колледжінде шәкірттермен "Мүфтият тынысы" атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Шараға "Ар-Рахман" мешітінің найб имамы Бағдат Русланұлы арнайы келіп, шәкірттерге ҚМДБ-ның бағыттары, муфтият құрылымы, атқарып жатқан жұмыстары мен рухани бастамалары жайлы кеңінен мәлімет берді.

Кездесу барысында діни кадрлардың дайындығы, имамдардың жауапкершілігі, уағыз-насихат жұмыстары мен қоғамдағы дін қызметкерінің рөлі туралы жан-жақты айтылып, шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Мұндай кездесулер шәкірттердің діни көзқарасын қалыптастырып, болашақта елге адал қызмет ететін дін маманы болуына үлкен серпін береді.