Жаңалықтар
Расымен осы сұрақ көптің көкейінде жүргені рас. Сыйымызды арттыратында мінезіміз, түсіретінде мінезіміз. Пайғамбарымыз ﷺ «Мен үшін сендердің ең – жақсыларың көркем мінезділерің» (Бухари) деген. Осы тақырыпта Абжаппар Махмуд ұстаз медресе шәкірттерімен ашық сабақ өткізіп ой толғады.
سم الله الرمن الرحيم Қанат Жакенов мәзхабтардын маңыздылығын тілге тиек етті. Шәкірттермен өткен шарада көкейкесті мәселелерді қозғап, шәкірттердін сұрақтарына жауап берді.
Расымен осы сұрақ көптің көкейінде жүргені рас. Сыйымызды арттыратында мінезіміз, түсіретінде мінезіміз. Пайғамбарымыз ﷺ «Мен үшін сендердің ең – жақсыларың көркем мінезділерің» (Бухари) деген. Осы тақырыпта Абжаппар Махмуд ұстаз медресе шәкірттерімен ашық сабақ өткізіп ой толғады.
Ғаламтордын ғаламаты адамның өмірін біраз жеңілдетті. Бірақ интернеттке дұрыс иелік етпесе құздан құлатардай қауіпі бар. І курс жетекшісі Серік Махмет ұстаз осы мәселені жетекшілік етіп "Интернеттін зарары" атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында ғаламтор кеңістігінде кері тәрбие емес, керек ілім алу керек екендігін ашып түсіндірді.
Ер азамат жылағанды жұбататын, құлағанды тұрғызатын қабілетке ие. Егерде ең бірінші өзін қадірлей білсе. ІІІ курс кураторы Абжаппар Махмуд ұстаз ер жігіттерге "Отбасынын қоғамдағы рөлі" атты тәрбие сағатында толық ашып түсіндірді. Атқа мінер деп сенгеніміз артқа тартпас үшін ер азаматтардын ер мінезді болу керек. Себебі ертеңгі күн, бүгінгі бізге байланысты.
سم الله الرمن الرحيم Уақыт оралмайтын үлкен нығмет. Және әр уақыт әр түрлі мүмкіндік. Осы мүмкіндіктерді мүмкіндігінше пайдалану жолы - жөнді жоспар құру. Орынды тақырыпты орынды пайдалана білген Табылдиев Есен ұстаз ІІ курс шәкірттерімен "Жастық шақ - өмірінізді жоспарлаудын кілті" атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында уақытша өмірімізді өкінішпен өткізіп алмас үшін уақытты дұрыс пайдалануды тілге тиек етіп, жақсы ақпараттармен бөлісті.
Орал медресе колледжінің қос анасы шипажайда қонақ болмақ.
Алланың разы қылған адамды, Алла Тағала да оны разы қылмақ. Бір Жаратқанның разылығын іздеп, жарының жанына демеу болып, медресе шәкірттері үшін анасындай болған Сарқыт апамыз бен Қарлығаш апамыздын еңбегі зор. Себебі медресеміздін қызығы мен шығын көрген. Жетістігіне бірге қуанып, қиындығында бірге төзген. Бүгінде қос анамыз құтты жасқа толып жатыр. Медресе ұжымы бұны ұмытпады. Сарыағаш шипажайына жолдама жолдады. Қос анамызды құтты жастарымен құттықтаймыз. Құдай күш-қуаттан айырмай, берекелі өмірде, мерекелі күйде өмір сүруін нәсіп етсін.














