Мемлекеттік емтихан кезеңі өз жалғасын табуда. Осыған орай, Жанабай Маратұлы арнайы келіп, бітіруші түлектердің білім деңгейін саралау мақсатында мемлекеттік емтихан қабылдады.

Емтихан барысында түлектер оқу жылдары бойы алған білімдерін көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл – шәкірттердің бірнеше жылдық еңбегі мен ізденісінің қорытындыланатын маңызды кезеңдерінің бірі.

Жанабай Маратұлы бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, алдағы өмір жолында алған ілімдерін ел игілігіне жұмсап, білім мен тәрбиені қатар ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Барша бітіруші түлектерге мемлекеттік емтиханды абыроймен тапсырып, алдағы қадамдарына береке мен табыс тілейміз.