Жаңалықтар

Орал медресе колледжіне шариғаттын шеңберін кеңінен танимын, дінімнің дінгегін бекем дейін, бастысы Аллаһтын разылығын үміт етіп келген бір топ шәкірттер медресе табылдырығын аттады. Білім күнінде бастау алған бұл сәтті БҚО бас имамы Самат Қанатқалиұлы қалыс қалдырмай шәкірттермен кездесіп, жаңа қадамдарымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кімде ілім жолына шықса, Аллаһ Тағала оның жәннатқа кірер жолын жеңілдетеді демекші жаңа буынға жеңілдік бергей!

 

 

بسم الله الرحمن الرحيم
Орал медресе колледжі жақын арада жаңа оқу жылын бастайды. Осыған орай 25 талапкер оқу орнында оқуға мүмкіндіктері бар. Шәкіртақы, жатақхана мен асхана, қоры бай кітапхана мен дәрісханасы секілді барлық жағдайлармен қамтылған. Орын саны шектеулі. Өз орынынызды тауып үлгерініз!!! Аллаһ екі дүниеде де жүзімізді жарық қылғай 🤲.

بسم الله الرحمن الرحيم
Бұл үрдіс бұрынғыдан өзгеше!!!
Аллаға мадақ, пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ салауаттары мен сәлемдер болсын!!!
Санаулы жылдар санаулы сағаттай өте шыққандай. Кешегі жас талапкер бүгінде өз ісінің маманы болуға мүмкіндік алды. Ашығын айтсақ Орал медресе колледжінің 14 ші түлектері медресе ұясынан ұшты. Осыған орай студенттерге салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. Берекелі өткен шарада ұстаздар шәкірттері өз баталарын берді. Биылғы жылдың басты ерекшелігі оқу үлгерімі өте жақсы болған Ирманов Мержан есімді шәкіртке достарының атынан умра қажылығы табыс етілді! Шәкірттердін үштен бірі қызыл дипломға лайықты бола білді. Яғни 18 шәкірттін 6 шәкірті қызыл диплом иесі атанды. Осылайша бұл үрдіс бұрынғыдан өзгеше болды. Барша шәкірттерді шын жүректен құттықтаймыз! Аллах Тағала екі дүниеде жүзімізді жарық қылғай!!!

بسم الله الرحمن الرحيم
Ілім талапкерлері қорытынды емтиханын тапсырды.
Зымыраған уақыт тағы бір ілім талап етушілердін медресе ұясынан ұшатын уақытқа жеткізді. Үш жылдық білімдерін қорытындылау үшін биыл 18 шәкірт емтихан тапсырды. ҚМДБ кадр дайындау бөлімнің маманы Қожин Жанабай Маратұлы бастаған төрағалар өз төреліктерін жасады. Нәтижесінде 6 шәкірт қызыл диплом иесі атанды. 6 түлек ілімін жалғасытырмақ. Атап айтсақ Нұр-Мүбәрак университетіле 3 шәкірт, қарилық орталықта 2 шәкірт, Әс-Сығанақи ілім ордасында 1 шәкірт ілім алмақ. Қалған 12 шәкірт еліміздің мешіттерінде қызмет етпек. Жас түлектерге жаратқан жар болсын!!! Аллах Тағала әрбір істеріне берекет беріп, шығар шыңдарынызға сүрінбей жетуді нәсіп етсін!!!

بسم الله الرحمن الرحيم
Жас маман, ауылға қадам бас маман!
Ілім нәрімен сусындаған. Шариғаттын шеңберін кеңінен білсем деген кешегі ілім талап етушілер аз уақыттан соң мамандық иесі атанбақшы. Осы кезекте облыстық бас имамнын қатысуымен "жас маман, ауылға қадам бас маман" атты ақпараттандыру шарасы жүргізілді. Айта кетсек биылғы жылы 18 түлек медресені аяқтайды. Оның ішінде 6 түлек жоғары оқу орындарында білімін шыңдаса, қалған 12 түлек ауыл және аудан мешіттерінде елге еңбек етпек. Смағұл Сәдуақас айтқандай "Қазақтың молдасы – орыстың попы емес. Ол – бірінші мұғалім". Келер ұрпақтын келешегін жарқын қылар жандар көп болсын!!!!

 

 

بسم الله الرحمن الرحيم

Тасқынның жолын тосуға тәлімгерлер жәрдем берді.
Елді болып жатқан табиғи апат бәріне аян. Ел жанашырлары қолынан келгенше өз жәрдемдерін беруде. Орал медресе колледжінің ұжымы мен шәкірттеріде қолдарынан келгенше көмек қолын созуда. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, осындай сәтте жұмылған жұдырықтай бірігу қажет болады. Аллах Тағала екі дүние азабыннан сақтап, еліміз аман болсын!

 

بسم الله الرحمن الرحيم
Оқу орындарының арасынан шәкірттеріміз оқ бойы озып шықты.
Қазақ халқының асыға күткен наурыз мейрамы ел көлемінде ерекше өтуде. Осы кезекте ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткен болатын. Батыс Қазақстандық оқу орындарының шың мықтылары жиылған бәсекеде медресе шәкірттері алдынғы қатардан бой көрсете білді.
Келген көктеммен бірге көркейіп, өсе  берейік!