Орал қ.ПБ Абай Пб кезекші бөлім бастығы Аккереев Айбек Базарбаевич
Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Орал медресе колледжінде студенттерге арналған түсіндіру-алдын алу кездесуі өткізілді. Аталған кездесуге Орал қаласы Полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің кезекші бөлім бастығы, полиция капитаны Аккереев Айбек Базарбаевич қатысып, интернет алаяқтықтың түрлері, олардың алдын алу жолдары және қауіпсіздік шаралары туралы кең көлемде ақпарат берді. Кездесу барысында студенттерге интернет желісінде жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану, алаяқтардың айла-тәсілдері жөнінде нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталды.










