Жаңалықтар

Әлемдегі мазһабтар тарихы — ислам қоғамының көптүрлілігін көрсететін маңызды аспект. Ислам діні ішінде қалыптасқан әртүрлі мазһабтар мұсылмандардың діни және құқықтық өмірін реттейтін негізгі бағыттар болып табылады. Бұл мазһабтар исламның бай мұрасын және мәдениетін жалғастыруда маңызды рөл атқарады.

Жакенов Қанат ұстазымыз

Әлемдегі мазһабтар тарихы жөнінде ашық сабақ өткізді

«Жас маман — ауылға қадам, бас маман» — бұл жас маманның табысты жолының формуласы. 

Ауылдан басталған еңбек жолы — үлкен өмірге есік ашатын мүмкіндік. 

Бүгінгі қадам — ертеңгі жетістік. 

Бүгінгі жас маман — болашақтың басшысы!

Осыған орай БҚО Бас имамы Самат Қанатқалиұлы бітіруші түлектермен кездесіп алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп өз тәжіребесімен бөлісті

«Ер есімі — ел есінде» дегеніміз — ұлт жадындағы ұлы рухты сақтау, оны жас ұрпаққа аманат ету. Бұл — тәуелсіздігіміздің іргесін бекітіп, елдігімізді нығайтатын асыл құндылықтардың бірі.

Абджаппаров Махмуд ұстазымыз 1- ші курс шәкірттеріне Ер есімі-ел есінде атты ашық сабақ өткізді

 

"Ұлы Жеңіс — ұрпақ есінде" деген тіркес — тек сөз емес, бұл бірнеше ұрпақтың жүрегінде жатталған, ұлт тарихында мәңгілік орын алған қаһармандықтың, қайсарлықтың және отансүйгіштіктің символы.

Ұлы Жеңіс — бұл тек тарихи дата емес, ол халықтың ұмытылмас жадында сақталатын рух пен намыстың, бірлік пен бауырмалдықтың көрінісі. Ұрпақтар оны есте сақтап, қадырлейтін болса — елдің іргесі мықты, болашағы жарқын болады.

Бақытжан ұстазымыз

Медресе шәкірттеріне тәрбре сағатын өткізді

Отан қорғаушыларды еске алу — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлік пен адалдық қасиеттерін тәрбиелеудің жолы. 

Тарих пәні ұстазы Ташай Қайса ұстазымыз Соғыс ардагерлерін еске алу тақырыбында ашық сабақ өтті

 

Шешен сөйлеу мәдениетінің қағидалары шеберлік сағаты өтті
Лектор: Абат Сатыбайұлы
Педагогика ғылымдарының докторы профессор

Жарысқа медресенің 1,2,3-ші курс шәкірттері қатысты.Шара соңында орын алған шәкірттер бағалы сыйлықтармен марапатталды,жаоысқа қатысқан барлық шәкіртке ынталандыру сыйлықтары да үлестірілді.Жарыстың мақсаты шәкірттерді спортқа баулу,бос уақыттарын тиімді пайдаланану.Жарыс қызықты өтіп,шәкірттеріміз қуанып,көңілдері сергіп қайтты.Барша атсалысқан жандарға Алла разы болсын!🤲🏻