Жаңалықтар

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

Рахыммен келген Рамазан

Барлық мақтау жоқтан бар еткен Аллаһ Тағалаға болсын және пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ, оған ізгілікпен ілескен барша жандарға Аллаһ Тағаланың игілігі иен сәлемі болсын!

Аллаһтын мейірімімен түскен. Күллі мұсылман тағатсыздана күткен Рамазан тағы бір жылды артқа тастап айналып келді. Қоштасарда қимай қоштастырып, бір жыл бойы сағындырып, Аллаһтын рахымымен парыз етілген Рамазан, күллі мұсылман үшін ерекше ай. Себебі бұл ай - жәй айлардай емес. Тозақтын есіктері жабылатын, шайтан лағынет шыңжырланатын ай.  Сауабын Аллаһ Тағала өзі беретін, жәннаттан бір бөлек есік дайындаған бұл ғибадат мән бермей өтіп кетуге болмайтын уақыт.

 Сахаба Кағб ибн Ужра (р.а.) былай дейді: «Бір күні Алла Елшісі (ﷺ) мінберге бір саты жоғары көтерілгенде сәл тоқтап, «Әмин» деді. Екінші басқанда тағы да «Әмин» деді. Үшіншіде тағы да айтты. Мінберден түскеннен кейін бұл көрініске таңырқап тұрып қалған мен: – Уа, Алланың Елшісі, бүгін сізден бұған дейін көрмеген қимыл көрдік. Не екенін түсіндірмес пе екенсіз? – деп сұрадым. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): – Мінберге көтерілгенімде маған Жәбірейіл (ғ.с.) періште келіп: «Рамазанға жете тұра ораза ұстап күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Екінші сатыға шыққанда, «Сенің атыңды ести тұра, салауат айтпаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Үшінші сатыға шыққанда, «Әке-шешесі қартайғанда, соларды бағып ризалығын ала алмаған адам оңбасын», – деді. Мен тағы да «Әмин» дедім, – деп түсіндірді».

Рамазан мұсылман адам үшін талқыға салынбайтын парыз. Мейлі әкімшілікте болайық, мейлі малшы болайық, мейлі күні-түні асханадан шықпайтын аспазшы болсақта. Себебі Аллаһ Тағала қасиетті Құранда

 يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ

(Бақара сүресі, 183-аят)

«Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақтанарсыңдар» деген. Ал парыз дегеніміз не?! Ол жасалуы нақты әрі айқын дәлелдермен бұйырылған амалдар мен міндеттер. Жоғарыдағы хадисте келтірілгендей періштелердің ең ардақтысы Жәбірейіл (ғ.с.) келіп, «Рамазанға жете тұра ораза ұстап күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деп дұға қылса, оған пайғамбарлардың ең ардақтысы Мұхаммед ﷺ «Әмин» десе онда бұл дұға қалайша қабыл болмай қалуы мүмкін. Аяттын арты осыны меңзеп тұрғандай. Ораза биыл ұсатасамба екен, қой келесі жылы ұстармын деп алаңсыз айға қарап жүретін уақыт емес. Арты өкінішке апаратын амал. Сондықтан тозаққа түспей тұрып, тозақтан қаша білу керек.

Ал егер ұстай алсаныз, маған не сый бар деп ойласаныз пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ  «Жәннатта Раййан деп аталатын қақпа бар. Ол қақпадан ораза тұтқандардан басқа ешкім кірмейді. Қиямет күні: «Ораза ұстағандар қайда?», – деп жар салынады. Ораза ұстағандар тұрып, сол қақпадан кіреді. Олар кіріп болған соң, қақпа жабылып, одан басқа ешкім кірмейді» десе, тағы бір Алла Елшісі ﷺ өзінің құдси хадисінде оразаның тұтқан адамның Алла алдында орны ерекше екенін былай жеткізеді «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық амалдары өзіне. Ал оразаның жөні бөлек. Өйткені, ораза Менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан да, оның қарымын (сауабын) Өзім беремін» – деген.

   Аллаһ Тағала разылығына ие болған құлды Аллаһта разы қылары сөзсіз. Мұсылманның жанына тыныштық сыйлап, қуанышқа бөлейді. Пайғамбарымыз ﷺ тағы бір хадисінде «Ораза ұстаушының екі үлкен қуанышы бар: ауыз ашқанына қуанады және Раббысымен қауышқанда ораза ұстағанына қуанады» – деген.

Рамазан сонымен қатар мейірім айы. Осы уақытта сырқаттану, сапарлату, әйел адамдардын етеккір келуі тағы сол секілді жағдайларда оразаны басқа уақытта каффартын өтесе болады. Ал әдейі бұзған жағдайда әр күні үшін алпыс ораза ұстау керек болады. Оразаның каффаратының нақтылығын Әбу Хұрайрадан келіп жеткен мына хадиске сүйенеді: «Бір кісі келіп: «Мен кұрыдым» - дегенде, Пайғамбарымызﷺ :«Не болып қалды?» деп сұрады. Әлгі адам: «Рамазан айында әйеліммен жыныстық қатынас жасап койдым,- дегенде, Пайғамбарымыз ﷺ : - Құл азат ет! - деді.

- Құл азат етуге мүмкіндігім жок.

- Екі ай ораза ұста!

- Ораза ұстауға шамам жетпейді.

- Алпыс кісіні тамақтандыр!

- Тамақтандыра алмаймын - деді әлгі адам сары уайымға салынып. Сол кезде Пайғамбарымызға ﷺ  жәшікке салынған кұрма әкелінді. Пайғамбарымыз ﷺ  құрманы оған ұсынып:

- Мынаны садақа ретінде тарат,- деді. Ол:

Мәдинада бізден кедей жанұя жоқ,- дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсіреп:

«Онда мұны жанұяна апар, - деді».

Аллаһтың рахымы жауған бұл айда адамдармен қарым-қатынастада мейірімді бола білген жоқ. Алла елшісі ﷺ былай деді:«Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі. Бұдан ораза ұстаушының сауабы еш кемімейді».- дейді. Ағайынмен қарым-қатынасты жақсартып, бірге отырып дастархнадас болып, тарауих намазын оқығанға не жетсін.     Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ :«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болсаонда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін», – деп айтқан .Асыл дініміз бізбен қатынасты үзіп қойған туыстарымызбен байланысты нығайтуға бұйырады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Туысқандық қарым-қатынасты үзбейтін адам, (ол – оған қандай қарым-қатынас жасаса) сонымен ғана жауап беретін адам емес. Шындығында, туысқандық қарым-қатынасты үзбейтін адам – ол туыстарының онымен қарым-қатынасын үзгеніне қарамастан, олармен араласуын үзбейтін адам – деген.

Рамазан оразасы тек таңнан кешке дейін ас жүру ғана емес. Сонымен қатар кемелдену айы. Мінезімізді көркемдеп иманымызды қуаттауға үлкен мүмкіндік. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Кімде кім ораза болып жаман сөзден және оған амал етуден тыйылмаса, Алла оның тамақтан және судан тыйылғанын қажет етпейді», – деген.

Раббымыздын разылығына ниет етіп жасасақта, шың мәніңде бұл құлшылықта адамдар өздеріне пайда алады. Себебі ораза ұстаушы адам рухани және денсаулық тұрғысынанда кемелденеді.

Рухани қалай кемелденеміз?!

Рамазан ол Құран түскен ай болғандықтан ораза ұстаушы кем дегенде бір мәрте болсада Құран хатым етіп, зікірлер айтып жүреді. Аллах Тағала Кұран Кәрімде Рағыд сүресінде «Естеріңде болсын,  Алланы еске алумен жүректер жай табады»  деп баяндаған. Сонымен қатар Рамазан уақытында ғана оқылатын «тарауих» намазында естен шығармаған жөн. Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткен хадис. Онда Алла елшісі ﷺ үмметін былай деп сүйіншілейді: «Жамағатпен оқылған намаздың сауабы жалғыз оқылған намаздың сауабынан жиырма жеті есе көп». Демек 4 рәкәғат құптанның парызы, 20 рәкәғат тарауихы, 3 рәкәғат үтірін жамағатпен оқитын болсаныз 729 рәкәғаттын сауабын алады екенсіз. Ал енді айға есептеніз. Ай бойы жамағатпен бірге жүрген адам көпшілікке ойын еркін жеткізе алатын көпшіл және бауырмал болып келеді. Жалғыз адамның жанында шайтан жүреді. Екі адам болып жүрсе екі қадам алыс жүреді. Ал, жамағаттан шайтан лағынет қашады дейді. Егер жамағатпен намаз оқу әдетке айналса, намазы тұрақты, иманы қуатты болмақ. Бұл адаманың рухани кемелденуінің бір бөлігі ғана...  

Денсаулық тұрғысынан қалай кемелденеміз?!

Ораза тек руханиятымыздығана емес, тәнімізгеде зор пайдасын тигізеді. Соның тек он түрін ғана тізіп кетейін:

  1. Жасушалар жаңарып, ескілері жойылады
  2. «Қант» ауруына тосқауыл болады
  3. Артық салмақтан арылуға әсер етеді
  4. Тері ауруларына пайдалы
  5. Тұз байлану аруына әсері
  6. Қан қоюлануының алдын алады
  7. Адам ағзасын улы заттардан тазартады
  8. Ас қорыту жүйесі дем алады
  9. Жағымсыз тәуелділіктерден арылтады
  10. Қан қысымын түсіреді, бас ауруына пайдасы бар

Кейбір денсаулық сақтау мекемелерінде адамды емдеу барысында ораза ұстатқызып, емдейді екен.

Сонымен қатар Рамазан айы бұл адамды тәрбиелейтін ай. Жыл бойы тоқшылықта жүрген жан, бір ай жоқшылықта жүрген жандардын жан-дүниесін сезуге мүмкіндік береді. Осы айда пітір садақасы беріліп, айт күні барлығына мерекелік көңілде жүреді.

Қорытындылай келсек. Рамазан - мұсылман жұртына Аллах Тағаланың мейірімімен түскен ерекше ай. Жаңару, жаңдану, кемелдену айы. Бұл құлшылық өзге құлшылықтардан ерекше. Себебі ораза ұстаушылардын сыйлығын Аллах Тағала өзім беремін деген. Жәннәттың бір есігін иеленген құлшылықты құр өткізу - үлкен өкініш. Осы айға жеткендер бар, армандап кеткендер бар. Рамазанға қауыштырған Рабыммызға сансыз шүкір!!! Күніміз шуақты, намазымыз тұрақты, иманымыз қуатты болсын!!! Оразаңыз қабыл болсын ұстаған жан!

 

 

بسم الله الرحمن الرحيم
Аллаһ тағала Құран кәрімде:

      ( وَلَقَدْ ضَرَبْنَا لِلنَّاسِ فِي هَذَا الْقُرْآنِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ . قُرْآنًا عَرَبِيًّا غَيْرَ ذِي عِوَجٍ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ )

         Расында Біз бұл Құранды адам баласына әр түрлі мысалды, олар үгіт алу үшін келтірдік. Бұл мүлтіксіз бір арабша Құран. Әрине олар сақсынар.
Араб тілі - Құран тілі. Құлшылықпен оқыған Құранынызды жүрекке жете білу үшін мән-мағынасын түсіне білу керек. Білімнің ордасы болған Орал медресе колледжінде келесі кезекте араб тілі ілімі бойынша жарыс оздырылды. Топтасып өткізілген жарыста араб тілін талдап, арабша мақал-мәтелдер айтылып, түрлі ситуациялардан араб тілін қолдана отырып шыға білді. Жаңаша форматта өткен бұл шараға Аллаһ берекетін беріп, жарыс жоғары деңгейде өтті. Шың мықтылар анықталып, марапатталды. Аллаһ ілім жолындағы жандардын жолын ашып, алар асулары арта бергей!!!

بسم الله الرحمن الرحيم
Орал медресе колледжінде оздырылған тағы бір іс-шара. Қазақтын ақын мырзасы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған медресе кітапханасынын ұйымдастыруымен Мұқағали оқулары оздырылды. Медресе шәкірттеріне ақыннын өмірбаяны таныстырылып, ақынның шығармаларынан сыр шертті. Жайықтың жарқын тұлғасын дәріптеген бұл іс-шара шәкірттердін көңілдерінен шығып, ақын шығармаларына деген қызуғушылықтарын арттыра білді.

 

                           

Анықтама

Кітапханамызда 5 қаңтар Қадыр Мырза Әлі туған күніне байланысты (Қазақтың дана Қадыры) атты шара өтті. Шараның мақсаты шәкірттерді Қадыр Мырза Әлінің өмір баяны шығармашылығы мен таныстыру. Шара барысында ақынның өмір баяны оқылды. Шәкірттер ақынның шығармашылығымен танысты. Өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кітапханашы кітап көрмесін жасады. Қадыр Мырза Әліге Аман Ұстаз бейнебаян жасады.

Қыс қызығы бой қыздырды.

 

بسم الله الرحمن الرحيم

Қыс қызығы бой қыздырды. Қыстын қызығы жәй көңіл көтеру деп ойларсыз. Дегенмен жан мен тәнге тигізер пайдасы өте зор. Бойынызды жазып, ой сергітіп, бір жеңілдеп қаларыныз хақ. Осы кезекте Орал медресе колледжінің ұстаздары мен шәкірттері қысқы серуенге шығып, бой сергітті.

 

Мейірімге мол матч

Ілім жолындағы шәкірттер тек жан саулығын негізге алып, тән саулығын қалыс қалдырмас керек. Сол секілді тек тән саулығын ойлап, ілімді тастап кетпеу керек. Осы кезекте Орал медресе колледжінің ұстаздары мен шәкірттері бірлесіп, футболдан шағын жарыс өткізді. Командалық ойын болған соң бірлік талап ететін бұл ойын ұстаздар мен шәкірттер арасындағы байланысты одан әрі жақсартпақ. Мейірімге мол матчтар одан әрі жалғасын таба берсін.

 

«Діннің қоғам өміріндегі рөлі»

Дін – aдамзат тарихындағы үлкен тағылым-тәрбие мен сарқылмас даналық көзі. Егемен ел боп қалыптасып, мемлекетіміздің өркендеуінде діннің алар орны ерек. Өйткені, дін – имандылық пен әділдіктің, сыпайылық пен парасаттылықтың, көпшілдіктің және төзімділіктің кепілі.

Қоғамның өркендеуі үшін қоғам мен дін арасындағы өзара байланыстың маңызы зор. Алайда, бүгінгі қоғам азаматтары қоғам мен дін, мемлекет пен дін бөлек деген қағиданы ұстанып жүр. Тіпті, оларды бір-біріне қарсы қойып жүргендер қаншама. Дін қоғамнан, қоғам діннен бөліне алмайды. Өкініштісі сол: бұл екі ұғым арасындағы қатынасты тым тар мағынада түсінетіндер дінді тек экстремизм, терроризм сияқты үрей тудыратын сөздермен байланыстыруда. Десе де, уақыт өте келе бұлбайланыстың жақсарып келе жатқанын көре аламыз. Оған қоғамымызда егіз ұғымдай қолданылып жүрген мына сөз тіркестері дәлел болатындай: дін және мемлекет, дін жіне тәрбие, дін және өнер, дін және әдебиет, дін мен дәстүр, дін мен еңбек, дін мен БАҚ.

Қазіргі таңда дін тұрғысында белең алып жатқан түрлі мәселелер мен көтеріліп жүрген талас тудыратын пікірлер бұл- дінді дұрыс түсінбей, оған тек біржақты баға беріп, толыққанды зерттемеудің салдарынан болып отыр.Расында, теріс пиғылды адамдар, дінге бет бұрғысы келіп жүрген азаматтарды тура жолдан адастыруға ұмтылып жүргендер саны аз емес. Сол себепті, толық түсініп, зерттеп, сенімді адамдардан ғана үйренген абзал. Сонда, мүмкін, елімізде дінінен адасу, жат ағымға ілесу секілді қиындықтар орын алмас па еді...

Қазақстан қоғамындағы дін мен мәдениет мемлекет тарихының қатпар-қатпар кезеңінен өтіп, халықтың өзіндік болмысы мен өмір салтын қалыптастыра отырып өрбіді. Ғылыми атеизм идеологиясы қабылданып, рухани өмірдің мәні жоғалып, әлеуметтік салалардың барлығы материалданған кезеңде мемлекетіміз өзінің тілі мен дінінен, мәдениетінен қол үзді.Осы тұста діни сана әлсіреп, құндылықтарымыз көмескілене бастады. Алайда, қоғамның барлық саласын материалдандыруға бағытталған идеологиялық қондырманың дін мен мәдениет құбылыстарын толықтай жоюға күші жеткен жоқ.

«Адамның діні өлсе, адамдықтан бір-ақ кетеді»,- деген қанатты сөз бар. Шынында, дін – жүректегі иманның, иман – адамгершіліктің белгісі. Ата-баба өсиеттері келешек ұрпақты тәрбиелілікке шақырып, оны игі істерге жетелейтіні анық. Ұлттық тәрбиенің бір негізі дінімізбен өнегелі тәрбиемізде жатыр. «Дін ұстай алсаң – қасиетің»,- дейді Мырзатай Жолдасбеков. Бүгінде қоғамымыздың алға ілгерілеуінде тәрбие мен діннің рөлі үлкен. Дініміз арқылы жастар өмірдегі шынайы құндылықтарды ұғынып, өмірде өз орнын тауып, тіршілік жөніндегі дүниетанымдарын кеңейтеді. Тәрбиеге жеткілікті көңіл бөлмеушілік, қоғам тарапынан жастар тәрбиесіне атүсті қарауқазір қоғамда әдепсіздік пен арсыздықтың көрінісіне айналып отырғаны өтірік емес.

Сондықтан да,жастарға имандылықты, ұлттық дәстүрлерді насихаттап, сөзден іске көшу керек. Өйткені, бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі тарих, ертеңгі қоғам,  болашақ.

Дініміздегітәрбиелік мәні бар құндылықтарды жастар арасында насихаттау үшін сөзіміз бен ісіміздің арасы алшақ болмауы шарт. Жастардың көкіргінде үлкенге құрмет, кішіге ізет, кішіпейілдік қасиеттерін оятып, олардың бойына сенімділік, төзімділік, өзара сыйластық сезімін егу  имандылықтың үлкен бастауы болмақ.Ата-баба өсиеттері адамды тәрбиелікке, тектілікке шақырып, оны игі істерге жетелейтіні хақ. Ұлт болып жұмылып, адамдармен өзара жылы қатынасты жоғалтпай, адамгершілік нормаларын сақтап жүрер болсақ, қоғамымыз да жаңғыра түспек.

Сенім мен ниеттің ұштасуынан тұратын дін деген ұлы ұғымды қадірлеп, қоғамымыздың жарқын болашағына әрекет етейік!

 

Орал медресе колледжінің үстазы Наурызов Асылбек Жанболатұлы