Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары аясында Орал қаласына қарасты Зашаған кентінің Көктем шағын ауданында бой көтеретін жаңа медресе ғимаратының қазығын қақты.
Игі шараға дін қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, жамағат және қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Бас мүфти жаңа медресенің ел болашағы үшін маңызына ерекше тоқталып, бұл оқу ордасы өңірдегі діни сауаттылықты арттыруға, жас буынды имандылық пен ізгілікке тәрбиелеуге қызмет ететінін атап өтті. Сонымен қатар, білім мен тәрбие беретін мұндай рухани орталықтардың қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудағы рөлі үлкен екенін жеткізді.
Жиын барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, ел тыныштығы мен медресенің сәтті бой көтеруін тілеп дұға жасалды. Қайырымды жандардың қолдауымен жүзеге асатын бұл нысан – уақып негізіндегі игі бастамалардың бірі.






«Ғұмар Қараш – ағартушы, ойшыл, қайраткер ақын» атты тарихи-танымдық шара медресемізде шәкірттердің қатысуымен өткізілді. Шара барысында қазақтың көрнекті ағартушысы, ойшылы әрі қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Кездесуде Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы мазмұнды баяндама жасап, тұлғаның тарихи орны мен рухани мұрасы туралы терең мағлұмат берді. Шәкірттер тарапынан сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты – жас буынға ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды насихаттау, отансүйгіштік рухты қалыптастыру және тарихи сананы нығайту.
Орал қ.ПБ Абай Пб кезекші бөлім бастығы Аккереев Айбек Базарбаевич
Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Орал медресе колледжінде студенттерге арналған түсіндіру-алдын алу кездесуі өткізілді. Аталған кездесуге Орал қаласы Полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің кезекші бөлім бастығы, полиция капитаны Аккереев Айбек Базарбаевич қатысып, интернет алаяқтықтың түрлері, олардың алдын алу жолдары және қауіпсіздік шаралары туралы кең көлемде ақпарат берді. Кездесу барысында студенттерге интернет желісінде жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану, алаяқтардың айла-тәсілдері жөнінде нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталды.


Шәкірттерге арналған спорттық-сауықтыру шарасы өткізілді
Дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында шәкірттеріміз сырғанақ алаңына барып, бой сергітіп, белсенді демалыс өткізді. Шара барысында шәкірттер спорттық белсенділікке қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Аталған шара шәкірттердің физикалық дамуын нығайтуға, достық қарым-қатынасты арттыруға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталды. Спорт – денсаулық кепілі.



Медреседе тәрбие бағыты бойынша жоспарға сай 2-курс шәкірттеріне арналған кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кураторлық сағатты Елубаев Жарас жүргізіп, «Заң және тәртіп» тақырыбында маңызды насихат айтты. Кездесу барысында шәкірттерге заң талаптарын сақтау, ішкі тәртіп ережелеріне бағыну, қоғамдық орындардағы мәдениет, жауапкершілік пен әдептілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, шәкірттің білім алудағы тәртібі, ұстазға құрметі және қоғам алдындағы міндеті жайлы құнды кеңестер берілді. Шара соңында шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Мұндай тәрбиелік бағыттағы кездесулер шәкірттердің саналы тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.


Бүгін Орал медресе колледжінің 3-курс кураторы Табылдиев Есен ұстаз шәкірттерге тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ғылым-білімді үйренбекке ең әуелі керек – ықылас пен тәртіп». Іс-шара барысында білім алушыларға ғылым мен білімге деген жауапкершілік, тәртіптің маңыздылығы және ықыласпен ізденудің рухани-тәлімдік мәні кеңінен түсіндірілді. Тәрбие сағаты шәкірттердің танымдық көзқарасын қалыптастыруға және оқу үдерісіне деген ынтасын арттыруға бағытталды.


Орал медресе-колледжінде Орал медресе-колледжінің директоры Талғат Мұратұлының төрағалығымен оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған жиналыс өтті.Жиналысқа
медресе ұстаздары, кураторлар мен тәрбиешілер қатысты.
Жиналыс барысында оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары талқыланып, білім беру сапасын арттыру, шәкірттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар,
Талғат Мұратұлы
ҚМДБ төрағасы,бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бағдарлық баяндамасын жеткізіп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар мен жүктелетін міндеттер жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, оқу-тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға қатысты ортақ тұжырымдар жасалды.











