Орал медресе колледжінде шәкірттермен "Мүфтият тынысы" атты танымдық кездесу ұйымдастырылды. Шараға "Ар-Рахман" мешітінің найб имамы Бағдат Русланұлы арнайы келіп, шәкірттерге ҚМДБ-ның бағыттары, муфтият құрылымы, атқарып жатқан жұмыстары мен рухани бастамалары жайлы кеңінен мәлімет берді.
Кездесу барысында діни кадрлардың дайындығы, имамдардың жауапкершілігі, уағыз-насихат жұмыстары мен қоғамдағы дін қызметкерінің рөлі туралы жан-жақты айтылып, шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Мұндай кездесулер шәкірттердің діни көзқарасын қалыптастырып, болашақта елге адал қызмет ететін дін маманы болуына үлкен серпін береді.


Жаңалықтар
Бітіруші түлектердің білім деңгейін саралау мақсатында мемлекеттік емтихан болды
Мемлекеттік емтихан кезеңі өз жалғасын табуда. Осыған орай, Жанабай Маратұлы арнайы келіп, бітіруші түлектердің білім деңгейін саралау мақсатында мемлекеттік емтихан қабылдады.
Емтихан барысында түле ...
-
Орал медресе колледжі 2026–2027 оқу жылына талапкерлер қабылдайды -
Орал қаласына қарасты Зашаған кентінің Көктем шағын ауданында бой көтеретін жаңа медресе ғимаратының қазығын қақты -
Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды -
Орал қ.ПБ Абай Пб кезекші бөлім бастығы Аккереев Айбек Базарбаевич








