
Орал медресе колледжі 2026–2027
оқу жылына талапкерлер қабылдайды
Орал медресе колледжі 2026–2027 оқу жылына «Исламтану» мамандығы бойынша талапкерлерді оқуға шақырады. Колледжге 11-сыныпты аяқтаған түлектер қабылданады.
Оқу үдерісі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылған. Студенттерге сапалы діни және зайырлы білім берумен қатар, қолайлы оқу ортасы ұсынылады. Колледжде жарық әрі жайлы аудиториялар, бай кітапхана қоры, асхана, спорт кешені және барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.
Артықшылықтары:
-
Мемлекеттік грант негізінде білім алу мүмкіндігі;
-
Ай сайын шәкіртақы тағайындалады;
-
Білікті оқытушылар құрамы;
-
Рухани-адамгершілік тәрбие мен сапалы білімнің үйлесімі;
-
Заманауи материалдық-техникалық база.
Құжат қабылдау мерзімі:
2026 жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін.
Оқу мерзімі:
2 жыл 10 ай.
Қажетті құжаттар:
-
Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
-
075-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
-
3×4 көлеміндегі 6 дана фотосурет;
-
Жеке куәлік көшірмесі;
-
Сотталмағаны туралы анықтама;
-
Наркологиялық және психиатриялық анықтамалар.
Байланыс:
📞 +7 707 647 2195
📞 +7 747 983 8565
Мекенжай:
Орал медресе колледжі
Ж.Досмұхамедов көшесі, 22.
Болашағын рухани біліммен ұштастырғысы келетін жастарды Орал медресе колледжінде күтеміз! Қабылдау науқанына қатысып, сапалы білім мен тәрбиенің жаңа кезеңіне қадам жасаңыз.








