Медреседе тәрбие бағыты бойынша жоспарға сай 2-курс шәкірттеріне арналған кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кураторлық сағатты Елубаев Жарас жүргізіп, «Заң және тәртіп» тақырыбында маңызды насихат айтты. Кездесу барысында шәкірттерге заң талаптарын сақтау, ішкі тәртіп ережелеріне бағыну, қоғамдық орындардағы мәдениет, жауапкершілік пен әдептілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, шәкірттің білім алудағы тәртібі, ұстазға құрметі және қоғам алдындағы міндеті жайлы құнды кеңестер берілді. Шара соңында шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Мұндай тәрбиелік бағыттағы кездесулер шәкірттердің саналы тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады.










