


بسم الله الرحمن الرحيم
Ілім талапкерлері қорытынды емтиханын тапсырды.
Зымыраған уақыт тағы бір ілім талап етушілердін медресе ұясынан ұшатын уақытқа жеткізді. Үш жылдық білімдерін қорытындылау үшін биыл 18 шәкірт емтихан тапсырды. ҚМДБ кадр дайындау бөлімнің маманы Қожин Жанабай Маратұлы бастаған төрағалар өз төреліктерін жасады. Нәтижесінде 6 шәкірт қызыл диплом иесі атанды. 6 түлек ілімін жалғасытырмақ. Атап айтсақ Нұр-Мүбәрак университетіле 3 шәкірт, қарилық орталықта 2 шәкірт, Әс-Сығанақи ілім ордасында 1 шәкірт ілім алмақ. Қалған 12 шәкірт еліміздің мешіттерінде қызмет етпек. Жас түлектерге жаратқан жар болсын!!! Аллах Тағала әрбір істеріне берекет беріп, шығар шыңдарынызға сүрінбей жетуді нәсіп етсін!!!








