
بسم الله الرحمن الرحيم
Бұл үрдіс бұрынғыдан өзгеше!!!
Аллаға мадақ, пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ салауаттары мен сәлемдер болсын!!!
Санаулы жылдар санаулы сағаттай өте шыққандай. Кешегі жас талапкер бүгінде өз ісінің маманы болуға мүмкіндік алды. Ашығын айтсақ Орал медресе колледжінің 14 ші түлектері медресе ұясынан ұшты. Осыған орай студенттерге салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. Берекелі өткен шарада ұстаздар шәкірттері өз баталарын берді. Биылғы жылдың басты ерекшелігі оқу үлгерімі өте жақсы болған Ирманов Мержан есімді шәкіртке достарының атынан умра қажылығы табыс етілді! Шәкірттердін үштен бірі қызыл дипломға лайықты бола білді. Яғни 18 шәкірттін 6 шәкірті қызыл диплом иесі атанды. Осылайша бұл үрдіс бұрынғыдан өзгеше болды. Барша шәкірттерді шын жүректен құттықтаймыз! Аллах Тағала екі дүниеде жүзімізді жарық қылғай!!!








