Орал медресе колледжінің қос анасы шипажайда қонақ болмақ.
Алланың разы қылған адамды, Алла Тағала да оны разы қылмақ. Бір Жаратқанның разылығын іздеп, жарының жанына демеу болып, медресе шәкірттері үшін анасындай болған Сарқыт апамыз бен Қарлығаш апамыздын еңбегі зор. Себебі медресеміздін қызығы мен шығын көрген. Жетістігіне бірге қуанып, қиындығында бірге төзген. Бүгінде қос анамыз құтты жасқа толып жатыр. Медресе ұжымы бұны ұмытпады. Сарыағаш шипажайына жолдама жолдады. Қос анамызды құтты жастарымен құттықтаймыз. Құдай күш-қуаттан айырмай, берекелі өмірде, мерекелі күйде өмір сүруін нәсіп етсін.








